Асар» жобасы аясында

Асар — қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдастар, көршілер, туыстардың бірлесе қол созуы арқылы атқарылатын іс шараның атауы. Бұл шара халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.
Міне, осы дәстүр елімізде қайта жанданып келеді. Бұл қазақ­тың мәрттігін ғана емес, бауырмалдығын, көпшілдігін білдіреді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мыңарал ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен үйінің шатыры тесіліп, қабырғалары құлағалы тұрған Б.Саутовтың үйіне «Асар» жобасы аясында ауыл тұрғындары мен жастары болып жұмыла жүріп күрделі жөндеуден өткізіп, шатырын ауыстырып, қабырғаларын қырып сылап, әктеп сырлап берді.Бейсенбай қарияның үйіне аудан әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы М.Көшкімбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Несіпбаева, ауыл әкімі Т.Сәбитов және ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары барып құттықтап қайтты. Өз үйінің қайта қалпына келтіріп бергеніне дән риза болған Бейсенбай аға өз ризашылығын білдіріп ауыл әкіміне жаудырумен болды.