«АСАР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ 10-ШЫ ҮЙ
Асар — бауырластықтың, жерлестердің бірлігінің көрінісі, бір-біріне өтеусіз көмектесуге деген ұмтылыс.
Бүгінде Қордай ауданында бұл жоба белсенді және табысты жүзеге асырылуда. Бұл жолы Степное ауылының тұрғындары бірігу мен өзара көмек көрсетудің үлгісін көрсетті. Округ әкімі Қайрат Жолдасбаев арнайы қорға қаражат жинау туралы жариялап, шетте ешкім қалмады. Кішкентайдан үлкенге дейінгі барлық тұрғындар осы игі іске белсенді қатысты. Степное ауылдық округінің әрбір тұрғыны осы қорға өз қаражатын салды.
Асыраушы қайтыс болған, үш баласымен қалған жалғыз басты анаға үш бөлмелі үй салынды, ауыл тұрғындары көктемге тағы бір бөлме-зал қосуды жоспарлап отыр. Жылыту және су, барлық коммуникациялар жүргізілді.
Қордай ауданының әкімдігі