АСАРЛАТҚАН АҒАЙЫН

Асар – қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бұл игі дәстүрді жамбылдықтар қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде.

 

 

Осы орайда, Жамбыл өңірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Сарысу аудандық әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынды.

 

 

Тәуелсіздік мерекесіне орай Сарысуда үш бірдей асарлатқан үй беріліп, көптің алғысына кенелді.

Соның бірі күні кеше Жайылма ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен және ауыл кәсіпкерлері мен Абажановтар әулиетінің демеушілігімен Жайылма ауылындағы Асанәлі Әшімов көшесі 10 үй Абажанова Айгүлге салтанатты түрде пайдалануға берілді.

 

Қазақтың асар дәстүрін жаңғыртып, облыс көлемінде сүйіншілетуге үлес қосқан облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа және көмектескен барша ауылдастарға алғысын білдірген ана, ел жұрттың амандығын тілейді.

 

 

 

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы