Асау бағаны  қалай  ауыздықтаймыз?

Тәуелсіздігіміз бізге не берді? Пайдаға шықтық па? Зыянға отырдық па?  Осыны сараптайықшы.Рас бостандық бар. Бұрынғыдай 3 ай жұмыс істемеген әлділерді емес, күнін көре алмай жүрген қайыршыларды қудалау қойылды. Жанұя асыраған ол жұмыс істегісі келмеді дейсің бе, өзінің туа біткен бейіміне, мамандығына қарай жұмыс таппай жүрген еді. Бостандық осы екен деп,  бейбастақ істер мен жөнсіздік көбейіп кетті емес пе?

Әсіресе елді керек жарағымен жабдыұтап асырап отырған сауда жүйесі бей-берекет жүгенсіз кетті. «Тауар көп болса, бәсекелестік орнайды.Арзаншылық болады»-деген бұрынғы алып Кеңес Одағының алғашқы президенті Михайл Сергеевич Горбачевтің данышпандық сөзі текке жайына қалғанын көрдік емес пе?

Өздері өндірген тауарлары жоқ бұл алып-сатар мен делдалдар мемлекеттің завод фабрикалары шығарған тауар бағасын өздері ойдан қойып, күннен-күнге аспандатып қымбаттатып барады.Бұлай қай жерге барып тірелетінін ешкім де әзірге білмейді.Бағаны олар өзі белгілейді. Алсаң сол, алмасаң жоғал. Бұл саудагердің сөзі. Мұндайды тәртіпке шақыратын қазіргі заманда ешқандай күш жоқ еді. Бұған Монополия комитетінің де әлі келмейді. Ол мемлекет билігіндегі іске ғана қожа. Мысал келтірейін. Біреу семіз жылқысын өте қымбатқа бағалап саудалады. Оған ақыл айтып, халықтың қалтасы жұқа, оны қинама деп ақыл айтты делік. Иесі өз жылқысын сойып алып, қарап отыр. Енді оған не істер едің? Бұл жеке меншік еді. Бұл нарықтың заңы деп, оны заңдандырдық емес пе? Бастықтардың бос сөзі мен іске аспайтын дәрменсіз қаулысы көп, іс жоқ болып тұр. Көлігі жоқ, қолы қысқа кедей пенделелер, алып-сатарлар мен делдалдардың бұл істеріне амалсыз көнеді. Өйтпесе басқадай лажы жоқ еді. Басқа біреудің шаруасына қол сұғып, билік айтудан аулақпыз. Бірақ жөнді сөзді айтуымыз керек шығар демекпін.

«Малды тапқанға бақтыр, отынды шапқанға жақтыр» деген қазақта өмір шындығынан алынған аталы сөз бар еді. Ол өзі еңбегімен өндірген тауарын мейлі қандай бағаға болса да қойып сатсын. Ол өз еңбегі дер едік. Қытайдан әкелген тауарларын арзанға алып, қымбатқа сатқан алып-сатар мен делдалдардың жолын кесу маңызды іс дер едім. Осыған қандай кілт табу керек?

Осы жөнсіз жүгенсіз кеткен істі, алып-сатарлардың аспандатып кеткен асау тауар бағаларын икемге келтіріп, қалай ауыздықтау керек деген пікір екінің бірінің ойында бар іс еді. Осы тақырыпқа ел, халық пікірін, ұсынысын білу үшін, ел ішіне конкурс жарияласа, мен оған мынандай ақыл-кеңес қосар едім:

Біз жамандап зорға құтылған, орыс билігіндегі алып Кеңес Одағында да ел игілігі үшін жақсы істері көп болған екен. Оны да мойындаған жөн болар. Қазір соны жұрттың көбі сағынып, көксеп жүр. Әділдік пен шындықты мойындап айтқан дұрыс қой. Оны да  теріске жорып, жоққа шығаруға болмайды. Шынымды айтайын. бұрынғы заманды қатты жамандағанның біреуі мен едім. Бұлай болатынын қайдан білейін. Қазір сол бұрынғы өмірді сағынып жүрміз. Онда арзан тұрақты баға мен тәртіп бар еді.  Қазір барлық баға мен билік қулықты мейлінше дамытқандардың қолында кетті емес пе?

Мәселен, бұрын:

  1. Халық денсаулығын сақтауы үшін медициналық қызметтің барлық түрі де адамдарға бірдей тегін болды. Қазір қалтасы қалыңдар тірі қалуы керек те, қалтасы тайыздар өле беруі керек пе? Квотаға бәрінің қолы жете бермейді. Квота берушілер де адамдарды шен-шекпеніне, беделі мен қызмет дәрежесіне қарай қарай талғап таңдайды. Пара осындай жерде жүрмесіне кім кепілдік береді. Бүкіл Қазақстанда үлкен бір ғана Лос-Анжелос, Лондон, Нью-Йорк Москва сыяқты бір қаланың халқы бар екен. Соны жөнге келтіріп асырай алмай отырған  мемлекетке не дейін?
  2.   Үлкен Кеңес Одағында бұрын жоғарғы оқу орындарына түсіп, оны оқып бітіру тегін болды. Сол оқу бітірген адам мамандардың орналасатын жұмыс орны дайын еді. Қазір үй-ішіндегі көп боқмұрындардың ырыздық несібесін ауызынан жырып, өз үйін ақ сыйрақ етіп, жалаңаштап сатып алған дипломын қалтасына басып, жұмыс таба алмай жүргендердің санын санап тауыса алмайсың. Ақ сыйрақ болып жалаңашталып қалған оның үйін тағы есепке алғайсың. Ондай сапасы да, пайдасы да жоқ дипломның керегі не? Сонда да жоғарғы оқу орнын бітіріп, диплом алсаң, қатарыңнан қалмайсың деген түсінік көпшіліктің ұғымына мықтап орнаған еді. Қазіргі заманда мұның іске асыратыны да бар, іске аспайтыны да бар болып тұр. Қолынан жұмыс келмесе де, оны сүйрейтін мықты сенімді крышасы бар адамдардың дәурені жүріп тұрғанын несіне жасырамыз.               3.  Құрлыста салынған тұрғын үй алу кеэегі қазіргідей бюджетте отырғандарға  ғана емес, бәріне бірдей, тегін берілетін еді. Қазір ол жоқ. Үй бағасына ешкімнің әлі кеклмейтіндей болып, аспандап кетті. Мұны қалай жөнге келтіріп, ауыздықтауға  болады.?

4Баспасөздегі газеттердегі фельетондар мен өткір мақалалар ел ішіне жақсы жарияланып, ол бүкіл халықтың да, бастықтардың да талқысына түсіп өлшеніп анықталып тұрды. Билік басындағы бастықтар да осы арқылы өз кемшіліктері мен айыптарын да мойындап тұратын. Қазір ол жоқ. Бет көрсе, жүзі ұялады деген бар болатын. Еліміздегі бостандық мейлінше шектелген кездің өзінде осындайлар болып тұрды. Қазір осының бірде-біреуі жоқ. Бұл ерсіліктің, жөнсіздіктің сыбайлас жемқорлықтың жақсы дамуына жол ашты.

  1.  Ертеде сауда жүиесінде қатты тәртіп болды. Халықтың өзі өндірген тауары мен өнімдерін ашық базарда сатқандарға шектеу қойылмады. Ал, мемлекеттің  завод пен фабрикаларынан шығарылған өнім мен тауарлары тұрақты бағалары бақыланып, Тұтынушылар Одағының дүкендері арқылы сатылды. Баға қатты қадағаланып, өзі өнім өндірмей, мол табыс тапқысы келген  делдалдар мен алып-сатарлар заңмен қатты ауланды. Олар халықты сүліктей сорып қанаушылар деп есептелді. Расында солай еді. Тұтынушылар Одағы мемлекеттік банкіден мол кредит алып, соған әртүрлі мол тауар жинап әкеліп, оны халыққа қол жетімді бағаға сататын. Артық бағаға сатып, баюды көксемейтін. Бұл тауарларын халыққа қол жетімді бағаға сатып, қызметін көрсететін еді Сол үшін автобазадан жалдап көп жүк машинасын алатын. Оның сыртында «Кооптрансс» деген арнаулы жасақталған олардың өз автобазасы да болды. Бұл  сауда жүиесі мемлекеттен ешқандай көмек алмайтын. Мемлекетке де, басқаға да масыл болмай, осылай өз тапқанымен өздері ғана күндерін көретін. Көп адамдарға жұмыс тауып берді. Елдің халқын шиедей етіп тонамайтын тұрақты арзан бағаны қатты ұстап тұрды. Оны мемлекет те, заң да бақылап тұрды.

Егер осы Тұтынушылар Одағын қайта жандандырып қайта ашса, жаман болмас еді.Оған бізде тәжірибе жеткілікті деуге әбден болады. Қазіргі жабайы алып сатарлар мен қулықты мейлінше жетілдіріп дамытқан,  жан қинап нан тапқысы келмейтін, жеңіл өмір сүргісі келетін делдалдар мен алып-сатарлар соның сатушылары болар еді. Мұның бізге берер пайдасы бұрынғыдай бағаны бір орталықтан бақылап ұстап тұруға мүмкіндік болар еді. Жеңіл пайда іздеп, жұмыртқадан жүн қырыққандарға тоқтау болар ма еді. Ал, өзің өндірген тауар мен өнімді нарық базар бағасымен сата бер. Шет мемлекет тәжірибесінде мұндай емес шығар. Бірақ осыны өмір тәжірибесіне енгізіп көрсе. Бұдан ешкім ұтылмаған болар еді.

Билік басындағы  бастықтар өз тұрмысын жақсартып түзеуі үшін емес, осындай жұмыстарды жолға қойып жұмыс істеуі үшін ел бағуы үшін отырған жоқ па? Олардың жауапкершілігін артыруы үшін ел алдында жыл сайын өзі істеген жұмысы туралы халқы алдында есеп беруді президентіміз өмірге енгізді емес пе? Бұдан артық не керек? Өмірдің өзі көрсеткендей бұл да көп қулықтың ішіне үйреншікті болып, кіріп сіңіп кетті. «Бұл  баяндамаңда айтқаныңның бәрі мемлекет ақша бөліп, соған өзі істетіп берген жұмыстары. Оның сыртында бюджеттің орындағаны. Өзің не істедің?»- деген сұрақты оған бағынышты қарауындағылпр айта амайды. Оны қызметінен өзгерте алатын бастық сұрамай тұр. Ол осылай өз қызметінен кеткенше өз елінің көзін бояп нанын жеп тұр. Мұндаймен ұзаққа шаппайтын шығармыз. Шет елдің кіп-кішкентай болса да, дамыған мемлекеттерін көрсек, ішіміз алай-түлей болып қайнайды. Біз неге олардан қалып қойдық деген ой ішіңді өртейді.  Олай болса осы айтылғандарды ауыздықтауы керек шығар. Бостандығы мол болғанымен жабайы Капитализм мен орынсыз шектеуі көп Социалитік жүиенің де, ел мүдесін жақсартуы үшін жақсы керек істерін іріктеп алып, соны іске асырғаны жөн сыяқты.   Қайткен күнде де, ел  тұрмысын тезірек жақсарту керек шығар. Халық пен ел баққандардың негізгі жұмысы осы емес пе? Одан ел-жұртты көрер көзге мәжбүрлеп, кедейлікке сүйреген Социалистік жүие мен қылышынан қан тамған Коммунистік партия қайтадан тіріліп кетеді деген түсініктен  аулақ болған жөн шығар. Қатып қалған заңдылық жоқ. Капиталистік жүиенің де, Социалистік жүиенің де ел тұрмысын тездетіп түзеуі үшін пайдалы істерін өмірге кіргізгеннің несі ерсі дер едім.

                                 Қабдысалық Бейсенбайұлы