ӘСЕМ ҚОҢЫР КҮЙІ

1937 жылдың күз айы Дина Алматыға келеді. Ол ақыл-білім алып жатқан жастарды көріп, «Бұлар бақытты жастар, өз өмірінде көрген-білгендерін қағазға жазып қалдыра алады. Ал біз болсақ, ортаға салатынымыз — көрген-білгендеріміздің бір шамаласы ғана қағазға түскенде, есте бәрі сақтала бере ме», — деді сонда Дина. Күздің қытымыр самалында желге қарсы жүгіріп, шат көңілді, алаңсыз оқып жүрген қазақтың қыздарын көріп, Динаның көңілі босады. Ол өзінің немересі Қоңырын есіне алып, советтік Отанымыздың бақытты балаларына арналған «Әсемқоңыр» күйін шығарады.

А.Жұбанов. Ғасырлар пернесі. 1975ж.
Әзірлеген: Бүркітбаев ГҮЛГАУҺАР