АСХАТ АҒА СЕКІЛДІ ПОЛИЦЕЙ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ
Менің болашақта полиция қызметкері болғым келеді.
Полиция қызметкерлерін қатты құрметтеймін. Бұл мамандық өте керемет.
Полиция қызметкерлері өте батыл әрі салмақты болып көрінеді.
Және формалары өзіме ұнайды.
Олар қоғамда үлкен рөл атқарады. Заң бұзушыларды қолға түсіреді.
Бұдан біраз жыл бұрын достарыммен полицей мен заң бұзушы болып ойнаушы едік.
Маған сол ойын қатты ұнайды.
Себебі ол кісілер қоғамға өздерінің көп пайдаларын тигізіп, адам құқықтарын қорғайды.
Әділдік үшін күресіп, қиын жағдайда қалған адамдарға барынша көмектесіп, халықтың ризалығына бөленеді.
Түн демей, күн демей жұмысын адал атқарады.
Сол үшін қарапайым халықтың ішінде құрметті мамандық иелері.
Менің ойымша бұл полицей мамандығы қоғамда үлкен рөл атқарады.
Полиция қызметкері болу менің арманым.
Соның ішінде өзім үлгі тұтып қарайтын, түр-тұлғасы нағыз батырлар секілді, осындағы полиция бөлімінің бастығы Асхат Әлметовтей болғым келеді.
Асхат ағаны екі-үш рет жиындарда көрдім.
Ата-анам, достарым да ол кісіні сырттай танып, мақтап отырады.
Ол кісі туралы әлеуметтік желіден көріп, танысып жүрмін.
Спортпен шұғылданып, атспортына деген құмарлығы, жеткен жетістіктері мені қызықтырды.
Әрине, мамандықтың оңайы жоқ, бәрі өз қиындығымен.
Полиция мамандығыныңда қауіпті, қиын тұстары болады.
Мен өте батылмын,спортпен шұғылданамын.
Қиындықтардан қорықпаймын.
Сондықтан да полиция болуды қалаймын.
Мен болашақта полиция қызметкері болатыныма сенімім зор.
Мейрамбек Ерболұлы, Шохан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 7- сынып оқушысы
P.S ;
Бұл жасөспірім Мейрамбектің арманы.
Көкейіндегі өзі қалаған мамандық иесін, өзі құрмет тұтар жан туралы жазған жазбасы.
Құрметті оқушылар сіздер қандай маман иесі болуды армандайсыз?
Сіз құрмет тұтар өз саласының білікті Асхат Алметов секілді маманы болса, ойларыңызды жазып, бөлісіңіздер.
Көпке үлгі болу үшін жариялауға әзірміз.