Асхат Аймағамбетов: Балалар Мемлекеттік тілде білім алу керек
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы барлық оқушылар Мемлекеттік тілде білім алу керектігін айтты.
Бұл туралы министр Azattyq Rýhy сайтына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды «Қазақ үні».
Аймағамбетов ата-аналарды балаларын мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге беруге шақырды. Оның айтуынша, қазір қазақ тілінде оқытатын мектептер бәсекеге қабілетті, бұған ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштер дәлел.
— Біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі — мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол Мемлекеттік тіл, сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек, — деді Асхат Аймағамбетов.