АШУ ДҰШПАН…..

Адам баласы өте қатты ашуға берілмеуі керек. Француз ғалымдары бір зерттеу жүргізіпті, сонда қатты ашуланған адамның өтінен асып-тасып көтерілген арам у асқазанға құйылып кететін көрінеді. Бірер, болмашы тамшысы кетсе де ол барып тұрған у дейді ғалымдар.
Сөйтіп асқазан жарасы, тағы басқасының алғы шартын өзіңізге-өзіңіз жасайды екенсіз.Тіпті бар ғой адам ашуланғанда біреуге айқайлап, «аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан» жағдайда езуіне жиналған көбікті алып дейді, итке тамағына қосып берсе көп ұзамай әлгі ит өліп қалатын көрінеді.
Ашу деген уытты у болып тұр! Аты да айтып тұрғандай ғой. «АШ» және «У». Ашыққаны сондай айналасын жалмайтын у екен. Оның үстіне»Аш! У!»деп тұр, яғни удың бетін аш деген сөз. Жабық жатқан уды ашып жіберу деген сөз.
Ұрысқақ адамның үйінде гүл ататын өсімдіктерге шейін жөнді өспейді екен. Мұсылман тәрбиесінде ашулансаң отыра қал, тіпті жата қал деуі, болмаса тысқа шығып кет деуі, әйтеуір сабырға шақыруы бекер емес.
«Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос!» деген ғой хәкім Абай.
Мұнайдар Балмолда.