АШУТАСТЫҢ ПАЙДАСЫ
Біраз уақыт болды сіздерге ашутас деп айтып жүргеніме. Көбі түсінбей жатыр не зат екенін.
Ашутас ақсары түсті, дəмі қышқыл, кристалдық тас(суреті )
Ашутас
✅Ауыз ойылғанға
✅Ангина
✅Ауыздан жағымсыз иіс шыққанда
✅Тістердің түбі қанағанда
✅Қолтықтағы, аяқтағы жағымсыз иіс шыққанда көмектеседі.
Ауыз ойылғанда ашутасты ұсақтап ойылған жерге жағыңыз.
Ангина шықса 1стақан жылы суға ашу тастың бір бөлігін салып, ашуын шығарасыздар. Осы ерітіндімен тамақтарыңызды 5-6рет шаясыз.
Ауыздарыңыздан жағымсыз иіс шықса, суға ашутас бөлігін салып, ашуын шығарып, осы ерітіндімен ауыздарыңызды 4-5рет шаясыздар.
Тіс түбі қызарып қанағанда, ашутасты ұсақтап жағыңыздар. 10мин кейін түкіріп тастасаңыздар болады.
Аяқтарыңыздан жағымсыз иіс шыққан кезде ашутас пайдалануға болады. Бірінші аяқтарыңызды ашутас қосылған суға жуыңыз. Өздігінен кепкенін күтіңіз. Бұл процесті аптасына 2-3рет жасауға болады.
❓❓❓Сіздер ашутастың қандай пайдаларын білесіздер❓❓❓