«Ашық есік» күндері өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Атырау қалалық әкімдігімен бірлесіп ағымдағы жылдың 23-26 шілде айы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының №1 бөлімінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау,  ауыл шаруашылығы, ветеринария және кәсіпкерлік салалары бойынша «Ашық есік» күндері өткізілді.

Аталған шараның мақсаты — жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері туралы және оларды алу тәртібін түсіндіру, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау және өзекті проблемалық мәселелерді талқылай отырып оларды жоюға бағытталған тиісті шешім қабылдау болып табылады.

Ашық есік күнін өткізу барысында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, ветеринария және кәсіпкерлік салаларының бірінші басшылары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы көкейкесті мәселелері бойынша азаматтарды қабылдап, заң шеңберінде тиісті кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, шара барысында халықтың пікірін ескеру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында ашық есік күндеріне қатысушы азаматтар арасында арнайы жасақталған сауалнама жүргізіліп, талдау нәтижесінде 98% респондентпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жақсы баға берілді.

                                                                                                                            Өз тілшіміз