«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 20 наурыздан 19 маусымға дейінгі жалға алу ақысын тоқтатты
«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылдың 26 наурызындағы қаулысына сәйкес, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мүлікті жалдаудың (жалға алудың) барлық шарттары бойынша, 2020 жылдың 20 наурызынан бастап 2020 жылдың 19 маусымына дейін жалдау ақысының есептелуі тоқтатылғанын хабарлайды. «Туындаған сауалдар бойынша 87056649763, 87015440006 телефон нөмерлеріне хабарласуға немесе info@astana-spk.kz электронды пошасы арқылы хат жолдауға болды», — делінген баспасөз хабарламасында.