«Астана — бейбітшілік бесігі» жалпықазақстандық диктант өтті
Қазақстан Халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен «Мың бала» атты дәстүрлі мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру шеңберінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған «Астана — бейбітшілік бесігі» тақырыбында ашық диктант өтті. Шара кітапхана, мектептер мен жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырылды.
500-ден астам азамат жиналған диктантты университеттің қазақ филологиясы, қазақ тілі және журналистика кафедраларының тәжірибелі оқытушылары өткізді.
Шараның басты мақсаты – жеке сауатталықты тексері, мемелкеттік тілдің мәртебесін көтеру.