«Астана-Павлодар» бағытындағы жаңа пойыз жолға шықпақ

Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылдың 1 маусымынан «Астана – Павлодар» бағыты бойынша жаңа пойызды жолға шығаруды жоспарлап отыр,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Құрамында 8 вагоны бар пойыз аптасына екі рет бейсенбі және жұма күндері Астанадан, ал сенбі және жексенбі күндері Павлодардан қатынайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жаңа бағыт бойынша қызмет көрсететін тасымалдаушыны анықтауға қатысты жұмыстар жүргізуде.

«ЕлАна»