Астана процесі: Елбасы Н.Назарбаевтың үндеуі (Видео)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана процесінің қатысушыларына үндеу жолдады. Оны еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқып берді. Президент Сириядағы күрделі ахуал бүкіләлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аударып отырғанын тілге тиек еткен. «Қазақстан Сирия ахуалын шешудің жалғыз дұрыс жолы өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер болуы тиіс деп санайды. Бүгінгі басқосуды өткізу орны ретінде еліміздің таңдалып алынуы да тосыннан емес. 2015 жылы Астанада жекелеген сириялық оппозиялық топтар арасындағы келіссөздердің 2 раунды өтті. Біз сириялық босқындардың бейнетін жеңілдету үшін 700 мың доллардан астам қаржы бөлдік, таяуда азық-түлік түріндегі 500 тонна гуманитарлық жүк жөнелттік. Астанадағы кездесу барлық мүдделі тараптардың Сириядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату ісіне лайықты үлес қосатындығына сенім білдіремін», — делінген үндеуде.