«Астана жастары» еріктілері 150 жалғыз басты зейнеткерге көмек көрсетуде

Бүгін еріктілер қарт адамдарға әлеуметтік көмек алу үшін өтініш толтыруға көмектеседі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерінің тұрақты қамқорлығында 150 зейнеткер бар. Алайда, карантин кезінде көмекке мұқтаж қарттардың саны артты.

 

 

«Төтенше жағдай кезінде біздің еріктілер барлық зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне көмек көрсетті. Оларға азық-түлік себеттері жеткізіліп, медициналық маскалар тегін таратылды. Көп қарт адамдар дәрі-дәрмек сатып алу үшін үйлерінен шыға алмайды. Оларға дәрі-дәрмектерді табуға және сатып алуға көмек көрсетілді. Қаланың 53 нүктесінде зейнетақыларды рәсімдеу кезінде біздің еріктілер кезектерді реттеп, тегін медициналық маскалар мен қол орамалдарын таратумен айналысқан. Себебі зейнеткерлер көп жағдайда зейнетақыларын ескіше әдіспен картада емес, қолма-қол алады», — деді Шыңғыс Тлеулин,«Астана жастары» басшысы.

 

 

«Астана жастары» көмек көрсететін зейнеткерлердің тізімі ардагерлер кеңесінде немесе әкімдіктер жанындағы облыстық әлеуметтік қорғау басқармаларында беріледі. Бүгінгі таңда еріктілер қарт адамдарға әлеуметтік көмек алуға өтініш толтыруға көмектесуде.

 

 

«Көптеген зейнеткерлер физикалық мүмкіндіктеріне байланысты өтініш бере алмайды. Бүгін біз Байқоңыр ауданынан бастадық. Мұнда көмекке мұқтаж зейнеткерлер көп. Біздің еріктілер ұйым ұсынған тізімге сәйкес мекен-жайға келіп, зейнеткерлермен бірігіп жұмыс жасап өтініш толтырады. Осыдан кейін өтініш жұмыспен қамту бөлімімен жұмыс істейтін ұйымдарға беріледі», — деді Шыңғыс Тлеулин.

«Астана жастары» ЖРО еріктілер бөлімі 2014 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мәліметтер базасында еріктілер мектебінде арнайы дайындықтан өтіп жатқан 2000 ерікті жұмыс істейді.