Астанада ауқымды сенбілік өтті

21 қыркүйек күні елордамызда «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша қала бойынша өткен бұл шараға жалпы 62 мыңнан астам қатынасқан. Олардың қатарында еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, дипломаттар МИБ (ПИК) және басқалар бар.

Қаланың әрқайсы аудандарындағы саябақтарға ағаш егу, суағарларды тазарту, жол жиегіндегі бордюрларды ағарту секілді тазалық жұмыстары істелді. Жалпы халықтық іс-шара барысында 170 тоннадан астам қоқыс жиналып, 2000 т.птен артық көшет отырғызылған.

«Байқоңыр» ауданында жалпықалалық сенбілікке, Үндістанның Қазақстандағы  елшілігінің бірінші хатшысы Санджай Веди, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, елорадалық зиялы қауым өкілдері, Жазушылар одағының мүшелері, мәслихат депутаттары, ЕҰУ, Есіл университеттерінің студенттері, ауданның белсенді тұрғындары қатысты. Олар Тәуелсіздік-Тәшенев көшелерінің қиылысындағы саябаққа ағаш отырғызды. Кравцов пен Пушкин көшелерінің қиылысындағы гүлзарды қоқыстан тазартып, бұл аумаққа 100-ге жуық қайың мен үйеңкі көшеттерін екті.

Бұл ауқымды шараға Байқоңыр ауданы бойынша 10000-ға жуық адам қатысып, 1000-түпке жуық ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында экосенбілік туралы қысқаша айта келіп, ауқымды шараға атсалысқан барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.

 

Ерқазы Сейтқали