Астанада «Мектепке жол» акциясы басталды

Астанада 1 тамыздан бастап Жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы бойынша «Мектепке жол» акциясы бастау алды. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектепке жол» акциясы бойынша Астана қаласы әкімдігі бірнеше іс-шара жоспарлап отыр. Атап айтқанда жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар, отбасыларда тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар және басқа санаттағы, яғни, қиын жағдайға тап болған отбасылар, оның ішінде мүгедек балалары бар жағдайы төмен отбасыларға (мектеп киімдерін, аяқ киімдерін және мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алу үшін) ақшалай көмек көрсетіледі.

«Биыл Астана қаласы бойынша 22 700 балаға көмек көрсетіледі. Оның бірінші бағыты бюджет қаражаты есебінен 14200 балаға көмек берілетін болады. Ол көмекті алу үшін ата аналарға мектепке барып өтініш жазып, банкте арнайы шот ашуы қажет (несиелік қарызы жоқ және бұғатталмаған банктік картаның 20 таңбалы нөмірін ұсынады). Жоғарыда аталған отбасыдан шыққан балаларға биыл жалпыға міндетті оқу қорынан көрсетілетін қаражаттың көлемі 41 мың теңгені құрайды. Ол – балаларды мектепке дайындауға арналған қаражат. Осыған байланысты, ата-аналардан берілген қаражатты тиесілі мақсатта балалар үшін жұмсалуын сұраймыз», — дейді басқарма басшысы.

Айтуынша Білім басқармасы осы мәселе бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмысын жүргізді.

азіргі уақытта жалпы білім беретін мектептер әкімшіліктері халықтың мұқтаж санаттарының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қызмет бағыты