Астанада «Мектепке жол» акциясы бойынша 8 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр
Акция 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жоспарланған. Биылғы акция «Жақсылықты жаса!» ұранымен басталды.
«Материалдық көмекті көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушылар ала алады. Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қандай құжаттарды тапсыру керектігі туралы ақпаратты мектептер ұсынады», — дейді басқарма басшысы.
Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін білім беру ұйымдарында «Жедел желі», «Сенім» телефондары (55 69 60, 55 68 51) және қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді.
5 тамыздан бастап қаланың барлық аудандарында балаларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Астана қаласының аудан әкімдіктері және инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, Байқоңыр ауданында Аймақтау сауда орталығы, Нұра ауданында цирк тұрағы; «Сарыарқа» ауданында Қосшығұлұлы көшесі, 14 үй. Алматы ауданында, Абылай хан көшесі, 20 үй. Есіл ауданында «KIDS EXPO. EXPO халықаралық көрме орталығында» мектеп жәрмеңкесі 2023 жылдың тамыз айының демалыс күндері өткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта дайындық жүріп жатыр.