Астанада Павлодар облысының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Астанада Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдары Астанаға 500 тоннадан астам өнім әкеліпті. 50 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тоннадан астам картоп, 100 тоннадан астам көкөніс және 200 тоннадай ауылшаруашылық өнімдеріненАстана тұрғындарына аста-төк базарлық «сыйлады».

Жәрмеңкеде сиыр еті – 1350 теңгеден, жылқы еті – 1550 теңгеден саудаға шығарылды. «Мен жәрмеңкеге жиі келемін. Өзіме керекті өнімді сатып аламын. Жәрмеңкенің аты жәрмеңке, базар бағасынан арзан, тауарларының сапасы жақсы. Жылқы етін, сарымай, картоп, сәбіз алдым.

Халыққа төмен бағада өнім ұсынып отырған аймақтарға рахмет. Бастысы бұл өнімдер химия қосылмаған таза өнімдер», -дейді зейнеткер Марал Ақбаева.  Жәрмеңкеде азық-түлік, көкөніс, ет және етөнімдері алдын ала бекітілген бағада, мысалы, картоп, қырыққабат, сәбіз, пияздың килограммы 60 теңгеден. Күнбағыс майының 5 литрі– 1800 теңге, бал- 1500 теңгеден сатылды. Сонымен қатар, республикаға және шет жерлерде танымал бренд «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Қызылжар-Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар да өзі өнімдерін қолжетімді, алушылар көңіліне қонымды бағада ұсынды.

Жәрмеңкеге келушілге «Шаңырақ» мәдени ойын-сауық орталығының шығармашылық ұжымдары ұсынған мерекелік концертті тамашалады.