Астаналықтарды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз  

6 және 7 шілдеде елорда күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтуде. Елордаға республиканың төрт өңірінен жалпы көлемі 800 тонна болатын керуен келді

6-7 шілдеде «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында өз өнімдерін Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ұсынып отыр.

 «Хан Шатыр» СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтуде.

Өткізілетін жәрмеңкелердің бағасы нарықтық бағадан 20%-ға төмен болады, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді бірнеше апта бұрын қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында ет, шұжық, ет консервілері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және т. б. бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа, жәрмеңке аумағында өз өңірінің мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ɵтедi.



 Астана

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.