Астаналық хирург әлеуметтік жағдайы нашар, көмекке зәру балаларға тегін ота жасайды
«Қымбатты әріптестер! Бәріміз де аз қамтылған отбасындағы науқас балалардың тегін отаны алуда қиындықтарға тап болатынын жақсы білеміз, әсіресе ата-анасы жоқ балалар. Бұл жағдайға министрлік кінәлі емес, қаржыландыру мәселелері бар.
Осыған байланысты медицина саласының түрлі мамандарының басын біріктіре отырып, көмекке зәру балаларға бірден ота жасап, тегін кеңес беріп, тексеру жұмыстарын істеуге жұмылайық. Әріптестерім, сіздің қай қалада тұратыныңыз маңызды емес.
Тек, тегін қызмет көрсетуге ынтаңыз, қызығушылығыңыз болса болғаны. Қажет болған жағдайда сізді Астанаға алдыру мәселесін шешеміз. Бұл бастамадан ешқандай да төлем берілмейді. Егер біздің топқа қосылғыңыз келсе, мархабат!»,-деп жазды Мағзұм Оңғаров.
Оның осы бастаманы қолға алғанына екі күн болғанымен өзіне хабарласушылар саны көп екен. Балаңыздың денсаулығына орай мәселе туындап тұрса, Мағзұм Оңғаровтың желідегі парақшасы арқылы байланыса аласы.