Астаналық мейрамхана коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерді тегін тамақтандырды

Millionaire мейрамханасы Urpaq-VIP қауіпсіздік агенттігімен бірлесе және Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен коронавирус жұқтырған және вирусты жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған азаматтарды емдеп жатқан медицина қызметкерлеріне түскі ас жеткізу бойынша қайырымдылық акциясын өткізді, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Төтенше жағдай кезінде дәрігерлер мен медбикелер, санитарлық мамандар өте жауапты әрі маңызды міндетті атқарып жатқандықтан, біз де өз үлесімізді қосу үшін №3 көпбейінді қалалық балалару ауруханасы, жаңа тубдиспансер мен бұрынғы «Рамада плаза» қонақ үйіндегі 230 дәрігер мен басқа да медицина қызметкерлеріне түскі ас жетіздік. Бұл акцияны бұдан әрі жалғастыратын боламыз», — деді Millionaire мейрамханасының бас директоры Әсет Қимашев. Естеріңізге салсақ, COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты 19 наурыздан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пандемияға қарсы қосымша шектеу, алдын алу шаралары енгізілді. Аталмыш шараларға карантин жариялау, карантин аумағына адамдар мен көліктердің кіріп-шығуына тосқауыл қою, арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және т.б. шаралар кіреді. 16 наурыздан бастап Қазақстанда ресми түрде түрде төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15-ші сәуіріне дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі