АСУ ҮШІНШІ АСУДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылының тумасы Асу Абайұлы Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе — жегінде жеңіске жетті.
Жерлесіміз бүгін АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында жекпе-жек өткізді. Ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесті.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Асу Алмабаев төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті. Осылайша, UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Жеңіс құтты болсын, ағайын!
Асу Абайұлы Алмабаев 1994 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап аулында дүниеге келген.
Жеңіл салмақ дәрежесінде UFC демеушілігімен өнер көрсететін жауынгер. М-1 жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион.
Сондай – ақ, Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global жауынгерлік ұйымдарының турнирлеріне қатысумен танымал.
Сарысу ауданы әкімдігі