АСЫҚШЫЛАР БУРАБАЙДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

 Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы Бурабайда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. 25 шілдеге дейін созылатын оқу-жаттығу жиыны Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерінен республикалық олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтіп жатыр.

«Оқу-жаттығу жиынына Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарынан келген ұлттық құрама мүшелері жиналды. Мұнда асықшылардың алаңсыз жаттығу жасап, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тыңғылықты дайындалуына барлық жағдай жасалған. Аталған байрақты бәсекеде жеңімпаз атану үшін бар күшімізді саламыз», — деді Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.

1)Жомарт Сабыржанұлы

Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

2) Алмас Қарабаев

Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі