Асыраушы сала алшаң басуда    

 

     Жамбыл облысына  Асқар Мырзахметов әкім болып келгелі көп нәрсе өзгергені белгілі.  Әсіресе  ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлініп, бақша   баптап та баюға болатындығы  бұқараға жіті  түсіндірілуде. Соның арқасында   Т.Рысқұлов ауданында  ағымдағы жылдың есепті кезеңінде  ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі  5987,8 млн. теңгені құрап отыр. .
       Оның ішінде егін шаруашылығы – 359,4 млн. теңге, нақты көлем индексі–134,3%, мал шаруашылығы бойынша – 5600,4 млн. теңге, нақты көлем индексі – 101,3%.

2019 жылдың  6 айында ауыл шаруашылығы саласына 1908,0 млн. теңгенің инвестициясы тартылды, меже – 181,7 пайызға орындалған.

Көктемгі  егіс дала жұмыстарын жоспарлы көлемде орындау мақсатында облыс әкімі мен аудан әкімі, облыстық басқарма мен аудан әкімі арасында келісімдер жасалынып, бекітілген. Осы бағытта егін шаруашылығын дамыту, әртараптандыру және сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткіштерге қарай бет бұру- бүгінгі күннің басты талабы. 2019 жылдың өніміне 32000 гектар күздік бидай егу жоспарланып, нақты 51602 (161,3 пайыз), яғни 19602,2 гектарға жоспардан артық себілді.

Ауданда егін орағы науқаны басталып,  жалпы 106934 га масақты дақыл ораққа түскен. Егін ору науқанына 202 дана егін орағы комбайны қатысып,  1 комбайнға орташа жүктеме 529 гектардан келуде.

Одан басқа түрлі маркадағы 80 доңғалақты трактор, 169 дана автокөлік, 42 дана су таситын көліктер қатысуда.

Жалпы егін орағын 393 шаруашылық жүргізіп, тұрақты 620 адам, маусымдық жұмыста 550 адам жұмыспен қамтылған.

Бүгінгі күнге 35330 га алқап орылып, орташа өнімділік 21-22 ц/га келуде.

Егін орағы  26-28 күнде аяқау межеленіп отыр.

Зертхана мен шаруашылық мамандарының болжамынша, күздік бидайдың әр  гектарынан 24-26 центнерден, арпаның әр гектарынан 19-20 центнерден өнім алынып, жалпы қамбаға 156,6 мың тонна астық бастырылады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығын дамытуда заманауи  техникаларының маңызы ерекше. Жұмысты оңтайландыру мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану өнім көлемін арттыру мен артық еңбек күшін қажет етпей, жұмыс өнімділігін арттыруда пайдасы зор. Соңғы жылдары  аудан шаруашылықтары өнімділік деңгейін арттыру мақсатында техника паркін жаңалауға баса бет бұруда.

Тек осы жыл басынан бері 882,1 млн. теңгеге 12 шаруа қожалық 38 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алды. Аудандағы 1092 дана ауыл шаруашылығы техникалары толықтай «WEB порталға» енгізілді (100 пайыз).

2018 жылдан бастап, тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып, «СПК Тараз» ЖШС-і арқылы жылына 40,0 мың тонна өнім беретін «Агро Парк Құлан» ЖШС-нің 1000 га жеміс-жидек ағаштарын отырғызу жұмыстарын бастады. 2018 жылы 100 гектар шие ағаштары отырғызылды, тиісті қондырғылары орнатылды. 2019 жылы 150 га. көпжылдық жеміс ағаштары егілуде. 2018 жылы  Тереңөзек ауылдық округіне қарасты жерге «KazAlma» ЖШС 50 гектарға алма және шие ағаштарын отырғызды, тиісті жабдықтары мен қондырғылары толық орнатылды.

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС-де 300 га.жаңбырлатып суғару қондырғысы арқылы суғарылып, көпжылдық шөп, көкөніс дақылдары егіледі.

       2019 жылы ауданда  төменгі құмнан және тау бөктерлеріндегі шабындықтардан 19610 га және 9300 га көпжылдық жоңышқа алқаптарынан барлығы 182100 тонна шөп, 10000 тонна сабан және 60000 тонна жем дайындау жоспарланды.

Бүгінгі күнге аудандағы 14950 га шабындық пен 6300 га жоңышқалық алқаптардың І және ІІ орымынан 149320 тонна шөп, 9200 тонна тайланған сабан дайындалды, бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда.

 

Төлен Дедек