АТ ЖАРАТУ — АТА-БАБА АМАНАТЫ
Қазақ жерінде жылқыны кие тұту, жүйрік ат баптау әуелден-ақ қалыптасқан. Өзіміз турасында: “жылқы мінезді халықпыз”, “тарихымыз да тұлпарлардың тұяғымен жазылған” дейміз.
Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан үлесі — алты мың жылдан астам бұрын жылқыны қолға үйреткені деп мақтандық. Сөйте тұра білгір отандасымыз, жылқы малына қатысты дүниені терең зерттеп жүрген Ахмет Тоқтабай сынды ғалымдарымыздың уәждерін ескере бермейміз, өзгенің айтқанына сеніп қалатындай дағды пайда болды. Әйтпесе, жылқы шаруашылығында, ат баптау ісінде қазақ халқының тәжірибесі мол, тәлімі жетерлік екендігі белгілі.
“Күлтеленген жалы бар,
Желден жүйрік жануар,
Сені баққан адамның
Маңдайының бағы бар” — деп ақындарымыз жануарды өлең-жырға қосады, оған небір күй арнаған күйшілеріміз де бар.
Желден жүйрік тұлпар күші әлемдік стандарт өлшеміне айналғанын, мінсе — көлік, ішсе — сусын, жесе — тағам болатынын қазіргі және болашақ ұрпақ әңгіме күйінде естіп қана емес, бағдарлы, жоспарлы мемлекеттік іс, ата-баба кәсібі ретінде жүзеге асыруға әрдайым мүдделі.
Өйткені, қазақ ойшылы, жазушы Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, “Түйесі көп кісі түйе бағуды біледі, жылқысы көп кісі жылқы бағуын біледі, жерінде бұлағы бар кісі егін егуді біледі”.
Сондықтан, Қазақстанда жылқы бағып, олардың тұқымын асылдандырып, санын көбейтудің жолы да, жөні де бар деп ойлаймыз. Атбегілік — дәстүр сабақтастығы. Қазір кез келген саланы жүйелі дамыту үшін ғылымның озық жетістіктеріне басымдық беруде. Дүние жүзінде өндіріс технологияларын цифрландыруды, жасанды инттелектіні пайдалануды қолға алып отыр. Ақтөбе өңірінде құрылатын Жылқы шаруашылығы және жем-шөп өндіру институты осыны мықтап ескерсе деп тілейміз. Сонда ғана болашағы бар салалық мекеме
https://eldala.kz/kz/novosti/zhivotnovodstvo/19328-institut-konevodstva-sozdadut-v-kazahstane тәуелсіз еліміздің мүддесіне, заман талабына сай қызмет етіп, халқымыздың құрметіне бөленері сөзсіз.
https://eldala.kz/novosti/zhivotnovodstvo/19328-institut-konevodstva-sozdadut-v-kazahstane
Дархан МЫҢБАЙ
Фб парақшасынан