«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»
1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудан орталығы және ауылдық округтерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі Бірлік ауылындағы Жазылбек атаның ескерткішінің алдына Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы аясында ұйымдастырылған
Бірлік ауылдық округінің 1979 жылғы мектеп түлектері «Туған жер» бағыты аясында жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Туған жерге туыңды тік» немесе «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп атам қазақ айтпақшы шырша, арша, тұя, қарағай сынды 30 түп тал дарақтар отырғызды.
Тәрбиелік мәні бар шараға қатысқан ауыл әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалматаев ұйымдастырушыларға өзінің ізгі тілегін білдіріп, «Алғыс хаттар» табыс етті.