АТАЛАР СӨЗІ-АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

Үйге атпен шаппа — жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.
Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме, бұл — құрмет.
Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама — қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді.
Ошаққа су құйма — өз отыңды өзің өшірме.
Бос бесікті тербетпе — ұрпақсыз қаласың.
Жылқының құйрық, жалын күземе — тұл қалғанның белгісі.
Малды басқа ұрма, теппе — ырысыңнан айрыласың.
Кешқұрым ұйықтама — жын-пері көшетін кез.
Айға қолыңды шошайтпа — қасиетті.
Жерге түкірме — Жер — Ана, анасының бетіне ешкім түкірмейді.
Нанды баспа — киесі ұрады.
Түнде суға барма — су перісі қағуы ықтимал.
Екі бүйіріңді таянба — қайғы, қасірет белгісі.
Бөгде адамнан «қайда барасың?» деп сұрама — көргенсіздік.
Жай отырып уһілеме — уайым, қайғы шақыру.
Қолыңды төбеңе қойма — дүниеден безіну.
Табаныңды тартпа — бейнет шақыру.
Өтірік жылама — құдай шын жылатайын десе қиын емес.
Табалдырықта тұрма — суыт хабар жеткізгеннің белгісі, төр — киелі, табалдырық ұнамсыздау орын.
Кісіге қарап есінеме — əдепсіздік.