«Атамекен» ҰКП Президиумның төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумның Төрағасы Тимур Құлыбаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінде сөз сөйлеген Тимур Құлыбаев биылғы жылы «Атамекен» палатасының құрылғанына бес жыл толғанын атап өтті.

— Бес жыл ішінде біз бизнес пен билік арасында диалогтық алаңдар жүйесін құрдық. Кәсіпкерлер палатасының орталық аппараты үкіметпен, парламентпен және құқық қорғау жүйесімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Біз елдің билік органдарына бизнес саласындағы дамуындағы өзгерістер туралы тұрақты түрде ақпарат беріп тұрамыз. Бес жыл ішінде нақты оң нәтижелер бар, — деді Тимур Құлыбаев.

Тимуро Құлыбаев 2013-2017 жылдары ҰКП-на кәсіпкерлерден 23 мың өтініш келіп түскенін, орталық аппараттың араласуымен бизнес өкілдерінің 111 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын мүліктік құқықтары қорғалғанын атап өтті. Сонымен бірге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 22 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілер мен заңдардың жобаларына сараптама жасады. Палата енгізген ұсыныстар мен ескертулердің 73%-ы ескерілді. Кәспкерлер палатасының бастамасы бойынша 2015 жылы қабылданған Кәсіпкерлік  кодексінен «Жалған кәсіпкерлік» бабы алынып тасталды.

«Атамекен» Президиумның төрағасына «Бастау бизнес», «Аға сеньор», «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша жеткен жетістіктер көрсетілді. Көрмеде түрлі азық-түлік өнімдері мен бұйымдар көрсетілді. Олардың ішінде екіқабат келіншектерге арналған жастықтар мен металлдан соғылған гүлдер де болды.

Павлодар облысында билік пен бизнестің ара қатынасы туралы аймақ басшысы Болат Бақауов айтып берді. Ол «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы жергілікті кәсіпкерлер үшін жоғары деңгейде демеушілік көрсеткенін атап өтті.

— Осы бағдарлама арқылы өткен жылы екі жүзге жуық кәсіпкер 2,7 млрд теңге көлемінде мемлекеттіңң қолдауына ие болды. Қаржылай көмек кәсіпкерлердің жүктемесін азайтуға, өндірісті жаңғыртуға және шығарылатын өнімнің көлемін арттыруға септігін тигізді, — деді Болат Бақауов. –Біздің облыс бірнеше жыл бойы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қол қойылған жобалар бойыншаалдыңғы орындарда келеді.

Бағдарлама басталған жылы облыста 831 жоба мақұлданған. Бұл республика бойынша – екінші орын. Болат Бақауов өңірдің кәсіпкерлік саласында 42 мыңнан астам субъект жұмыс істейтінін айтты. Бизнес өкілдері облыстың әрбір алтыншы тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

— Жұмыспен нәтижелі қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1 млрд 300 млн теңгені құрайтын 200 шағын несие берілген. Біз кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыссыыздар мен өнімсіз жұмыспен қамтылған тұрғындарды «Бастау бизнес» жобасы арқылы оқытып жатырмыз. Курс тыңдаушылары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, өз бизнесін ашуға шағын несие алады. Қазіргі таңда 146 жоба бойынша 530 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Тыңдаушылар ауыл шаруашылығы, корпустық жиһаз жасау, металл өңдеу, былғары өнімедірн жасап шығару, тұрғындарға қызмет көрсету салалары бойынша өз кәсіптерін ашып, кеңейтіп жатыр, — деді Болат Бақауов.

Әлихан Рахметоллаұлы