АТАҢНЫҢ ТАСЫН ТАСЫҒАН АРТЫҚ

Бірде #Бөлтірік атамды сыйлас көршісі ақылдасуға шақырады.Көршісінің бір ер жеткен баласы болады екен.Сол баласын көрші ауылдың елден жүн,тері жинап,әлденіп алған бір кісісі кіре айдауға шақырады.

Қолында бар болғанмен,бұл кісі негізінде жоқ, жадағай білім-біліксіз екен.Соны білетін болғандықтан,баланың әкесі бұған қарсы болады.Баланың өзі кіре айдауға барғанды мақұл көреді.

Әкелі-балалы екеуі,ақырында,#Бөлтірік атамның кеңесін тыңдағанды дұрыс деп табады.Сонда әкелі-балалы екеуіне атам мына сөзді айтқан екен:

Негізі жаманға мал бітсе,
Жамандығына тартпай қоймайды,
Негізі наданға әл бітсе,
Надандығын тартпай қоймайды.

Жаманның тойын бастағанша,
Жақсының ойын қоста.
Наданның асын тасығанша,
Атаңның тасын тасы.