Атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакет туралы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңына сәйкес, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Аталмыш Заңды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» №320 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің (әрі қарай ЕХӘҚМ) 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығымен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары» бекітілген.
Атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға төленіп келе жатыр. Бұл көмектің түрі әр тоқсан сайын отбасының табыстарын жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға тағайындалып төленеді. Негізгі өзгерістердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет. Бұл әлеуметтік топтама тек атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.
Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы негізгі ұстанымы –көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу, өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы. Азаматтарымыз көмекке мұқтаж адамдардың бәрі – аз қамтылғандар, көп балалы отбасылар мен балалар мемлекеттің қорғауында болғанын және солай қалатынын білуі керек.
Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі: шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі, шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға арнап мемлекет қосымша табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама беріп отыр.
— Кепілдендірілген әлеуметтік пакет табысы аз отбасылардағы балаларға көмек мақсатында енгізіліп отыр. Әлеуметтік пакет құрамына не кіреді? Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды.
Бұл азық-түлік өнімдерін Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ағзасына темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, ұсынған болатын.
Азық-түлік жиынтығымен балалар ай сайын қамтамасыз етіліп отыр. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады
Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасылардың материалдық жағдайын зерделейтін ауылдық округ жанынан құрылған учаскелік комиссия жұмыс жасайды. АӘК-ке қайрылған азаматтардың арасында шиеленіс тудырмау үшін, өтініштерін уақытылы мерзімінде қаралу үшін учаскелік комиссияның жұмысы күшейтілген.
Ағымдағы жылдың 01 маусымына 623 отбасының 3567 адамына атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 мен 6 жас аралығындағы 1127 баласына ай сайын азық-түлік пакеттері мен айына біррет химиялық тауарлары тағайындалып берілді.
Атаулы әлеуметтік тағайындалған отбасылар ішіндегі еңбекке қабілетті 190 адам аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, атап айтқанда 69 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 23 адам тұрақты жұмыс орнына, 16 адам әлеуметтік жұмыс орнына және 82 адам «200 АЕК мөлшерінен аспайтын жаңа бизнесті іске асыру бойынша» қайтарымсыз несие алған отбасылар.
Аталмыш нормативтік құқықтық актілер бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер мен кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер мерзімінде тағайындалып, ай сайын төленіп берілуде.