АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ, АЛДА ТҰРҒАН МІНДЕТТЕР ДЕ АЗ ЕМЕС
Бүгін аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс жиынын өткіздік. Басқосудың күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, жан-жақты талқыланды. Дәлірек айтқанда, өткен жыл бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен орындаушылық тәртіп мәселелері қаралды. Оған қоса, аудан әкімінің салалық орынбасарлары хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады.
Ең алдымен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндап, өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап шықты. Мәселен, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй құрылысы салаларындағы көрсеткіштер жақсы болғанымен, бірқатар кемшіліктер де орын алған. Ол бойынша жауапты тұлғаларға ескертіліп, олқылықты жою тапсырылды.
Сонымен бірге, аудан әкімі аппаратының басшысы да орындаушылық тәртіп бойынша баяндап, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесіне кеңінен тоқталды. Мұнда да тиісті басшыларға ескерту беріліп, кеткен кемшіліктерді ретке келтіру тапсырылды.
Кеңейтілген мәжіліс отырысында бірқатар тағайындаулардың болғанын да айта кету керек. Ең алдымен, Жаңғарашев Садан Құрманұлы аудан әкімінің кеңесшісі болып тағайындалса, Ошанов Азамат Серікұлы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ал бұған дейін Шу қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Нұрғалиев Жеңіс Сейсеналыұлы ендігі ретте аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне басшылық ететін болады.
Бақытжан Жәнібеков
Шу ауданы әкімі