Attar шиналары Allur автомобиль зауытына жөнелтіле бастады

Қазақстанның Саран қаласындағы шина зауыты бастапқы комплектацияны жөнелтуге кірісті. 2024 жылғы 16 қыркүйекте Attar шиналарының 900 дана алғашқы партиясы Қостанайдағы Allur автомобиль зауытына жөнелтілді. 205/55 R 16 үлгісіндегі Attar S01 моделімен жазғы шиналар енді қазақстандық өндірістегі автомобильдерге орнатылмақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінен хабарланды.

Сонымен қоса, Attar шиналары жоғары стандарттары бар зауыттың жеткізіп берушісі болуы үшін қажетті омолагациядан өтіп, олар шина зауытындағы процестер сапасы мен жоғары сапасын айқындады. Зауытта өндірілетін өнімдердің сапасын бақылау 200%-ға жүзеге асырылды – өндірілетін әрбір шина міндетті визуалды және автоматты бақылаудан өтеді.

«16 қыркүйектен бастап зауыттың өнімдері Қазақстанның автомобиль зауыттарына бастапқы комплектация үшін жеткізіле бастады. Бұл Attar шиналарының жоғары өнімділігін және олардың танылуын көрсететін маңызды оқиға. Мұндай қадам өнімнің сапасына деген сенімділікті көрсетеді және және өндірісті дамытуда зауыт үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бастапқы комплектацияға жеткізуі Қазақстан автоөнеркәсібінің импортқа тәуелділігін азайтады және өндірісті ауқымды етуге мүмкіндік береді», деді бас директор Радий Бурганов.

Анықтама ретінде айта кетсек, Саран қаласындағы шина зауыты – «Аллюр» тобы мен «Татнефть» тобының бірлескен өндірісі. Саран қаласындағы Шина зауытының өндірістік қуаты 3 миллион жеңіл шина және 500 мың жүк шинасын Биылғы жылдың соңына қарай персонал санын 1100 адамға дейін ұлғайтуы жоспарланып отыр.

2024 жылдың маусымында зауыт Attar брендімен жеңіл автомобильдерге арналған шиналардың сериялық өндірісін бастады. Бұл өнімдер Қазақстан нарығы мен Ресейге және басқа елдерге экспорттауға арналған. 15 шілдеде шиналарды Қазақстанның дилерлік орталықтарына алғашқы жергілікті жөнелтуі өтті, ал 17 шілдеде шиналардың алғашқы партиясы Ресейге экспортқа жөнелтілді.

Жасұлан Бақытбек