АТЫ ҚАЛДЫ АҢЫЗ БОЛЫП

Халифа Алтай ақыл- парасатымен жұртына
жаққан, еліне шапағатшыл
атамыз халқының санасынан өшірілмек емес.
Дін және қоғам қайраткері,
жазушы, этнограф, антрополог, турколог, аудармашы Халифа Алтай
қазақ ұлтың сүйген, жүрегі- таза, ойы алғыр жан.
1992 жылы Жезқазған
әуе жайында алыстан
аңсап келе жатқан ағайындарды қарсы алу
үшін халық көп жиналды.
Ұшақ қонып, Халифа
Алтай бастаған қонақтар
түсе бастады.
Қонақтарды қарсы алуға
шағын топ репортер, қала
басшыларымен ұшаққа
қарай аяқ бастық.
Мен 39 жаста едім.
Үлкендердің
шешімімен «Елім- ай» әнің
айтуға тиісті болдым.
Менің зарлы дауысым түнгі тыныштықты бұзды.
Алтай Халифе бастаған
ел жерді жылап сүйіп, топырақты алып маңдайына жағып жатыр. Менің екі көзімнен
аққан жас омырауымды
сулап, елім — ай деп, жылап
келе жатқанда Халифа
Алтай әкем келіп мені құшақтады, маңдайымнан
иіскеп: «Бақытты бол!
Алла саған туған жердің қуатын берсін»!- деді.
Келесі күні менің қолымды алып: » Сендер
барда қазақтың Елім-айы мен ән- күйі құрымайды»- деді.
Өлмейтін артында із қалдырған Алтай Халифаны жиі еске аламын, санамда сақталды мейірімді жан
бейнесі!
Адам өмірден кетсе де,
көңілден кетпесе, ол педенің мәңгілік өлмей
жасағаны емес пе?
Халифа әке! мүмкін өмірде көрген қызығым,
жеткен жетістігім сіздің батаныңыздан болар!
Жатқан жеріңіз жарық,
қабіріңіз нұрға толсын!

Райхан Төлегенқызы.