Атын атап, түсін түстемесек…

Тоғызыншы тілек тілеңіз,

 Төреңіз тақтан таймасқа- бұл Бұқар жыраудың  «Тілек » атты толғауындағы сөзі. Алайда біз бабаға ұқсап елдікті ұйыстырушы төреміздің тақтан таймауын тілеп жүрміз бе? Жоқ, біз ас-жиында, той-томалақта саясат туралы дебат құрып, әңгіменін төрін Ақорда жаққа аттандырамыз. Тәйт деп тентегімізді түзей алмай отырып он жеті миллионның жауапкершілігін мойынына артқан Елбасын сынап, мінейміз. Халық уық,хан шаңырақ деп мақалдап қойсақта, оппозициялық ойдан арылмай жүрміз. Бірлігі  кеткен ел жаман-деп Қаз дауысты Қазыбек би қадап айтқан. Ал, біз өз қандастарымызды үкіметшіл,діншіл, оппозицияшыл деп бөліп жатамыз. Аққу, шортан һәм шаянның хикаясын тірідей сомдап жүрміз.  Біздің осы қыңырлығымызды алакөз дұшпан андымай отыр ма? Біріңді қазақ, бірін дос көрмесен істің бәрі бос деп данышпан Абайдың айтқаның неге ұмытамыз?

«Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жібексің – мен жүнмін,

Сен сұлтансың – мен құлмын,

Сен сұңқарсың – мен қумын.

Саған дұспан – маған жау

Керекті күні алдыңда

Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!» -дейтін Шалкиізше мәрттік ,біздің бойдан табылама. Табылмағандықтан табалап жүреміз.

Тіпті, Құрандағы «Аллаға,Пайғамбарға, араларынан шыққан әмір иелеріне бойсұнындар»-деген аятты ескермейміз. Алланың өзі де рас, сөзі де рас-деп Абай хакім айтсада. Жеткізу міндет қой. Тұшынуды Алла жазсын.  Бірде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінің соңғы кезенінде бір топ ізбасарлары келіп одан маңызды насихат сұрайды. Адамзаттың анық үлгісі оларға төмендегі төрт нәрсені өсиет етеді:

Әуелгісі,  қай тарапта жүрсе де Құдайдан қорқуды;

Екіншісі, Басшылары басы кепкен (қара нәсілді ) құл болса да бағынуды;

Үшінші, Пайғамбардың сүннетін және оның әділетті орынбасарларының игі амалдарын мықтап  ұстануды;

Төртінші, дінге жаңалық енгізбеуді.

Аталған төрт нәрсе Аллаға иман келтіріп, Пайғамбарға көзсіз ілескен мұсылманның қазықтай қағидасы болса, бүгінде бүлікшіл, дін атын жамылған, басшыларына қарсы қылыш көтеретін хауариждердің оның балапандары тәкфирилердің сипатын танып, сауатты қорғаныс жасай алатын ба еді, кім білсін.

даиш

Салқын санамен қарайтын болсақ жұрт жаппай жамандап жатқан «сәләфи» термині Пайғамбарлар мөрінің соңынан ерген кісілердің сипаты. Оны ағым деу үшін анық дәлел керек. Бірақ,  жарылысшыл, бүлікшіл марқұм Саид Бурятскийдің аудио һәм видео сабағын алған жалпы қазақстандықтар, оның ішінде батыс өңірлердегі жігіттер және соларға сеп болған ДАИШ-тер өзін сәләфиміз, әһлі сүннаданбыз дейді. Бурятскийдің лекциясы біздің батыс өңір жігіттерінің мінезіндегі қатаңдықпен араласып кәтте тәкфирилік сипат пайда болғаның айта кету керек.  Жоқ, олардың жасап жатқан шаруалары Исламнан, адамгершіліктен алыс. Өйткені, Алла елшісі «Қойды бауыздар болсаңдар, өткір пышақпен бауыздандар, қинамаңдар»-деп айтқан. Аңғарсаныздар адам түгілі малға мейірімділік танытуға үндеп жатыр. Және ол кісі азаны бар, мешітті ауылдарға соғыс ашпаған. Тіпті соғыс уақытында тек қару ұстаған адамдармен шайқасқан. Шал шауқан, әйел мен балаларға тиіспеген, шіркеулерді қиратпаған.

Бізге төрт адамның қаны арам екенің айтқан. Оларды түгендесек мұсылманға мұсылманның, елге пана сұрап келген өзге діндегілерді, елге салық төлеп тұратын тұрақты өзге сенімдегілерді, келісіммен жұмыс жасайтын басқа дін иелерін қанын төгуге қатаң түрде тиым салған.

Аллаға сеніп, Пайғамбарды мойындайтын мұсылманды намазы болмаса кәпір деп, сол мұсылман әке-шешесі болса безіп,  Али, Осман, Омар  секілді саңлақ сахабалардың қанын төккен хауариждер сияқты ел тізігнің ұстаған үкім иелеріне қылыш көтеріп, ел тыныштығын бұзу мұсылманға жат әдет. Алла адамдарға оны бұйырмайды. Керісінше, нақақтан нақақ бір адамның қаның төгу бүкіл адамдардың қанын төгумен тән екенің ескертеді. Және Пайғамбарды әлемдерге мейірімділік үшін жібергенің айтады.

Ал, ардақты Алла елшісі яһуди көршісіне ізеттілік көрсеткенін бүгінгі өзін «сәләфиміз» деп жүрген хауариж, тәкфири жолында жүрген адамдар неге ұмытқанын білмейміз.  Алланың елшісі өз ізбасарларына хауариждерді сипаттағанда тозақтың иттері деген және олар діннен жебеден оқ шыққандай шығады (қайтпайды) деген. Олардың ораза мен намазға өте беріктігі сонша сахабалардың ұстаған ораза мен оқыған намаздарын түкке тұрмайтындығын айтқан.

 Еліміз қан мен терін төгіп Тәуелсіздікке қол жеткізді. Содан бері неше дүр мешіттер ашылып, медреселер шәкірттер дайындап жатыр. Бала туылу көбейіп, экономика еңсесін түзеді. Байрақты бәсекелерде спортшылар ел намысын қорғап жүр. Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасында әуе қатынасы мен темір жол қатынасы жүріп жатыр.  Байыппен қарасақ біраз шаруалар жасалды. Осының барлығы тыныштықтың нәтижесі емес пе? Ендігі дүрлігулер осының нәтижесін нөлге шығармай ма?

 Ердің көркі мен айбары болған сақалды намазхан жігіттер әлгі хауариждер мен тәкфирилердің бағытында жүрген жігіттердің әрекетінен зиян шекпесе екен. Өйткені елімізді 70 пайыздан астам мұсылман құрайды. Ең жақсы мұсылман өзгелер оның қолы мен тілінен аман мұсылман деген хадисті еске алсақ екен. Адам аласы ішінде дейді дана қазақ. Сондықтан бұқара сыртқы сипатпен күреспей, ішкі сипатқа үңілсе екен.  Егер оларда  басшыға қарсы шығу, (қарумен,тілмен), мұсылманды кәпір деп айыптау, Сириядағы жиһадты жиһад десе, ДАИШ-тікі дұрыс десе біліңіздер ол ағым.

Олардың арғы жағында  Сайд Қутуб, Мухаммад Сурур, Палестини, Махдиси, сауд Арабия өлім жазасына кескен Айман әз-Захарани, Бағдади сынды адамдар тұрады. Бұлар анық адасушы топтардан. Ендігіде сіз бен бізге ағымдарды анық танып, тереңдей зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

111

Он екі айдың сұлтаны  Рамазан басталар тұста Ақтөбеде ауыр жағдай орын алды. Ел азаматтары қаза тапты.   Оның мәнісін жоғарыда һәл қадарімше баяндадым.  Дінге  мығым халықтың , рухы биік болатының білген мысықтілеу дұшпандардың әрекеті осындай болмақ. Елді мешіттен, намаздан қайтару. Жоқ, жетпіс жыл атейстікке ұрынбаған халық бұл сыннан өтетіне кәміл сенеміз және Жаратушы Иемізден осыны тілейміз.

    Қасіреті сол қару ұстаған да қазақ, оққа ұшқанда қазақ. Бір қарыс жер үшін кескілесіп өткен бабалардың арманы емес бұл. 9 маусым ел күнтізбесінде қарамен боялып, Елбасы Н.Назарбаев аза тұту күнің жариялады.  Қызметіне адал,антына берік батырларымыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Ел аман, тыныштығымыз ұзағынан болсын! Көкірек көзіміз ашылсын!

Байжан Емберді

Жамбыл облысы, Шу ауданы