«Атырау-ақпарат» ЖШС қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнінде түсіндірме алды
Өткен аптада «Атырау-ақпарат» ЖШС қызметкерлері сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде түсіндірме алды. Аталған жиналысқа 30 қызметкер қатысты. Түсіндірме жұмысына спикер ретінде Департамент өкілі Самат Сағытжанов қатысты. Шара барысында спикер сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны жою бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті, онымен күресу-біздің парыз. Біз бұл дертке көз жұмып қарай алмаймыз. Себебі: бұл дертті жеңу арқылы мемлекетіміз өз дәрежесін көтереді – деді өз сөзінде Самат Сағытжанов. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша да ақпараттар айтылды. Қатысушы тараптан сыбайлас жемқорлық мәселесіне байланысты сұрақтар қойылып, оларға тиісінше жауаптар берілді.
Өз тілшіміз