Атырау балаларының бір тобы жазғы демалысты Италияда өткізеді
Балалардың шет елге барып демалуларына жолдаманы Атырау облысының Білім басқармасы қамтамасыз етуде.
Атырау қаласының халықаралық әуежайынан панасыз және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 40 бала балалар Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалысқа аттанды. Балаларды қамқоршылары мен достары шығарып салды.
Италиядағы екі апталық демалысқа облыстық Білім беру басқармасы қаражат бөлген.
«Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне 7 билет берілді; 32 жолдама қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қамқоршы және қамқорлықтағы балаларға, сондай-ақ, патронаттық тəрбиедегі балаларға, 1 жолдама №4 облыстық санаторлық-интернатының тәрбиеленушісіне берілді.
Балаларды Атырау қаласындағы №12 орта мектеп мұғалімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат ұстаздары, сондай-ақ ағылшын тілін жетік меңгерген аға оқытушылар қамқорлықтарына алған.
Мен үшін биылғы жазғы демалысым қызықты болатынына өте қуаныштымын. Бұл сапарда жаңа достар табамын, ағылшын тілін тереңірек меңгеріп, сәулет ескерткіштерін көретін боламын. Италиядағы көне тарихи орындарды көремін. Сапардан алған әсерім, мен үшін өмір бойы есімде қалатын болады, — дейді № 12 орта мектептің оқушысы Əсемай Нұржігітова.
Балалар «Аджип Карачаганак Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты шетелдік лагерьде демалуға мүмкіндік алды. Италиядағы каникул күндері 3 шілдеге дейін жалғасады.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі