Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» ізгі істердің ұйытқысы    

2018  жылдың  17 мамыр күні  күні  Достық үйінде  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  «Аналар кеңесінің» отырысы  өтті.

Жиынға  Облыстық «Аналар кеңесінің» мүшелері төрайымы, қалалық және аудандық «Аналар кеңесінің»  төрайымдары,  облыс әкімі  жанындағы әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспекторы қатысты.

Жиын барысында Атырау қаласының және жеті ауданның «Аналар кеңесінің» төрайымдары биылғы жылы 4 ай бойына ұйымдастырылған, өткізілген шаралардың  есебін тыңдап, кеңестің алдағы уақыттағы жоспарларын талқылады.

Жиынның модераторы Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.З.Доскалиева барлық қатысушыларға рахметін айтып, жылы лебізін білдірді.

                                                                                    Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                                      «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                                       баспасөз қызметі