Атырау облысы ҚХА  ғылыми – сарапшылық тобы Елбасының жолдауын талқылады

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен жақында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл –ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша Бірыңғай республикалық күні өтті.

Отырыста Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сарапшылық тобы құрамының мүшелері Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқыға салды.

Өз кезегінде жиынға қатысқан облыстық ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармаларының басшылары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған қолдаулар туралы түсінік беріп, алға қойылған мақсаттарға қысқаша тоқталып өтті.

Жалпы, отырысқа Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық келісім Кеңесінің, журналисттер Клубының мүшелері, басқарма басшылары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты, ғылыми – сарапшылық тобы және мұғалімдер мен студенттер қатысты.

                                                            Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                            Қоғамдық келісім КММ

                                                            баспасөз қызметі