Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері Атырау облыстық сотымен ынтымақтастық туралы Меморандум қабылдады

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен Атырау облыстық соты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімін салтанатты түрде өткізілді.

Ынтымақтастық туралы құжат автокөлік құралдарын алкогольдік ішімдікті, есірткі, психотроптық заттарды пайдаланып жол ережесін бұзған, сыйлық алған және т.б. заңсыз қызмет көрсеткен мемлекеттік қызметшілер туралы әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеп соққан ақпаратты өзара іс-қимыл жасауды көздейді.

Меморандум шеңберінде, Атырау облыстық соты Департаментке әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер туралы ақпаратты сот шешімі шығарылған бойда дереу жолдауды көздейді.

Департамент басшысы Т.Жұмағұловтың мәліметіне сәйкес, «бұл ақпаратпен тұрақты түрде алмасудың себебі, мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылыққа сол басшыларының жедел әрекет етуіне мүмкіншілік береді».

Өз кезегінде Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектурганов «мемлекеттік қызметшілердің толық ашықтығы азаматтардың мемлекеттік қызмет жүйесіне сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Агенттіктің департаменті мен Атырау облыстық соты арасындағы Меморандум 5 жыл мерзімге жасақталды.

              ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

 Атырау облысы бойынша департаментінің

 баспасөз қызметі