Атырау облысының балаларының С.Торайғыровтың 125 жылдығына келуі
2018 жылдың 13 және 16 шілде аралығында өтетін республикалық өлкетану акциясын жүзеге асыру мақсатында Атырау облысынан 59 бала Павлодар облысының киелі жерлері мен ерекше жерлеріне саяхат жасайды.
Аталған акцияны жүзеге асыру үшін арнайы туристік жоспар құрылып, тарихи жерлер мен мәдениет орталарын аралау бағыты құрылды.
13 шілде күні Екібастұз қаласының темір жол бекетінде салтанатты түрде оқушыларды қарсы алу жоспарлануда. 14 шілде күні балалар Баянауыл ауданының ерекшелігімен, киелі жерлерімен танысады.
Балалардың демалысының бағдарламасына Мәшһүр Жүсіп Көпеевтың мавзолейіне бару, Жасыбай батырдың ескерткіші мен Жасыбай өзеніне бару, Қоңыр Әулие үңгірін аралау, қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді көрсету, сақ қорғандары мен басқа да тарихи жерлермен таныстыру енгізілді.
Саяхаттың ерекшелігі Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келген қазақтың ақын-жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын тойлауына қатысуы болып табылады.
Қонақтар үлкен Этноауылдың, республикалық ақындар арасындағы мүшайраның көрермендері болады. Торайғырға апаратын жаңа жолда өтететін дуатлон жарысына қатысып, Ертіс өңірінің ерекше мәзірмен дайындалған ұлттық тағамдардан ауыз тиеді.
Балалар «Жас дәурен» оқу-сауықтыру кешенінде қонуы жоспарланған. Бұл жерде олар орталықтың өмірі және салт-дәстүрімен танысады.
15-16 шілде күндері Павлодар қаласының ерекше жерлерімен танысады. Қонақтар: М.Көпеев атындағы мешітті, Султанбек султанның мекенін, Г.Потанин, Бұқар Жырау атындағы мұражайларды аралап, М.Катаев атындағы Оқушылар сарайына барып, теплоходпен Ертіс өзенінде серуендеп, «Ertis promenade» сахнасын тамашалайды.
Атырау облысының қонақтарына біздің облыстың атынан естелікке кәдесыйлар сыйға тартылады.
Павлодар облысының білім беру басқармасы