Атырау облысының соттары 2018 жылдың жарты жылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын шығарды
Атырау облыстық сотында ағымдағы жылдың 6 айындағы сот төрелігінің қорытындысына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті.
Шараға облыстағы соттардың төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері, соттардың кеңсе меңгерушілері және кәсіби медиаторлар қатысты.
Алғашқы баяндаманы оқыған «медиация дамыту орталығы» Атырау бойынша өкілдігінің директоры Гүлбаршын Марданова өңір бойынша сотта және соттан тыс татуластыру рәсімдерін қолдану жағдайларын толықтай айтып берді.
Кейін «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын жүзеге асыру бойынша соттардың судьялары сөз алды. Атап айтқанда, «Судья-медиатор» пилоттық жобасы туралы Атырау қалалық сотының судьясы Гүлнар Хаженова айтып берді. «Сот актілерін түсіндіру» пилоттық жобасының артықшылықары мен алғашқы нәтижелері туралы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының судьясы Н.Искакова ой өрбітті. «Электронды қылмыстық іс» жобасының жұмысына Атырау қаласының №2 сотының төрағасы М.Нағашыбаев тоқталды.
Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Джумагалиева лэд-экран арқылы Атырау қалалық сотында жасақталған «Фронт-офис» жобасының қызметін түсіндірді.
Өз кезегін Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов бүгінгі күні жүргізілген сараптаулардың нәтижесінде белгіленген құқықтық жағдай да соттарға түскен және аяқталған қылмыстық істердің саны 18,9% құрайды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қылмыстықістердің азайғанын көрсетеді деді. Азаматтық істер бойынша М.Бектурганов 2018 жылдың 1 жартыжылдығында соттарға түскен талап арыздар мен арыздардың саны 2007 ге артқанын айтты.
Сот корпусының басшысы сот төрелігінің сапасын жақсартуға және «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасын жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі