Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
28 маусымда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын ұсынды. Басқа қызметке ауысқан Серік Шапкеновтың орнына Алимұхаммед Құттымұратұлы келді.
Аймақ басшысы айтқандай, Алимұхаммед Құттымұратұлының көп жылғы еңбек өтілі бар, әр түрлі салаларда басшылық лауазымдар атқарды. Оның кандидатурасы ҚР Президент әкімшілігімен келісілгеннен кейін ұсынылған. Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдап, іскер басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті.
Қала активінің жиынында аймақ басшысы Серік Шапкеновке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, шаһардың жаңа басшысына нақты тапсырмалар берді.
Алимұхаммед Кұттымуұратұлының экономика, құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration)бағдарламасының магистранты.
Мемлекеттік қызмет пен жеке секторда үлкен тәжірибесі бар.
Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2008 — 2012 жылдары жергілікті атқарушы органдар жүйесінде әр түрлі қызметтер атқарды. 2012- 2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды,
2016 жылдың мамырында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр .
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі