Атырауда Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 195 отбасына пәтер табысталды

Береке ықшам ауданындағы 195 пәтерлі 4 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілді. Осы жаңалықпен барлық жиналғандарды Атырау қаласы әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов құттықтап, жаңа пәтер кілттерін тапсырды:


— Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырауда біздің мемлекет басшысымен бекітілген бағдарламалар аясында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр», — деді Полымбет Хасанов.- Біз тұрғындардың барлығына қолжетімді болатындай тұрғын үй құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатырмыз. Бұл жарқын мереке — еліміздің Астанасы күнінде 195 отбасы жаңа қонысқа көшті.
2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, биылғы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда. Айта кету керек, бұл рекордтық көрсеткіш тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы тұрғын үй құрылысының үлкен көлемі.

                 Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі