Атырауда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды құрметпен еске алды

Атырау облысының 10 мыңнан астам тұрғыны мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.  9 мамырда Жеңіс саябағында мәңгілік алау мемориалына гүл қою салтанатты рәсімі басталды.Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған шараға 10 соғыс ардагері қатысты.

Қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрлы Хабиеваның айтуынша, Атырау облысында қазір 30 соғыс ардагері, 1 концлагер тұтқыны, 1 хабарсыз кеткен соғысқа қатысушының жесірі бар. -Жеңіс күніне орай Атырау облысындағы соғыс ардагерлері жергілікті бюджеттен 300 мың теңге алды. Жыл сайын демеушілер есебінен қариялар Қазақстан мен ТМД елдеріндегі шипажайларға жіберіледі. Бүгінгі шараға денсаулықтарына байланысты көп ардагерлер қатыса алмады, көпшілігі төсек тартып жатқан адамдар, -деді Нұрлы Хабиева.


Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне жалпы саны 10 мыңнан астам адам қатысты. Дәстүрлі үнсіз еске алу минутынан кейін Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары мәңгілік алауға гүл қойды.

-Атырау облысынан 43 мыңға жуық жауынгер соғысқа аттанды, 13 мыңы қайта оралмады. Қазір 3 мың тыл ардагері мен 30 соғыс ардагері ортамызда бар. Ерліктеріңізге құрметпен бас иеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, әр отбасында соғыс салған із қалды. Сондықтан бұл күнді ұрпақтар жадында аталарымыздың, әкелеріміздің ерлігі, батырлығы қалуы үшін атап өтеміз, — деді қатысушыларға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Жанат Азатова, Атырау облыстық

Өңірлік коммуникациялар қызметі