АТЫРАУДА ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША SMART-КАРТА ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАСТАЛДЫ
Бұдан былай, Smart картасын қаланың 11 сату нүктесінен — «Тамаша» , «Ардагер» , «Байзар» , «Дина» , «Насиха» , «Көктем» , «Мұрагер» , «Лимон» сауда орталықтарынан , т/ж вокзалынан, «Авангард», Вокзал маңы ықшам ауданының соңғы аялдамасынан,сондай-ақ автобус тасымалдаушыларының өздерінен де сатып алуға және шотты толтыруға болады.
Нөлдік есептегі бір картаның құны 300 теңгені құрайды.
Smart-карта шотын автобустар тасымалдаушылар арқылы, сату нүктелерінен, Qiwi-терминалдар арқылы және «SmartQala»мобильді қосымшасы арқылы толықтыруға болады.
Жалпы халыққа 9 төлем түрі қолжетімді — көліктегі смарт карта, банк картасы, NFC қолданбасы бар смартфон, QR коды, QR картасы, SMS хабарламалар, Bluetooth, мессенджер және жолсерікке қолма-қол төлем төлеу аласыз.
Айта кету керек, бұл жүйе қала тұрғындарына жолақыны әдеттегі жалақы немесе зейнетақы алатын банк картасымен төлеуге мүмкіндік береді, халыққа қолайлы жағдай жасайды, яғни жеке автобус картасын сатып алу және алып жүру қажеттілігі болмайды.
Сондай-ақ, әрбір автобустың кабинасында көрсетілген 9505 қысқа нөміріне нақты автобус нөмірін SMS жолдау арқылы ұялы нөмірдің теңгерімімен төлеуге болады.
— Қазіргі уақытта «SmartQala» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді, оның көмегімен төлемнің барлық түрлерін жасауға және карта теңгерімін бақылауға болады. Мобильді қосымшада төлем көзін таңдауға, байланыстырылған банк картасы теңгерімі, Smart теңгерімі немесе мобильді нөмірдің теңгерімі арқылы жол жүру үшін ақы төлеуге болады.
Көп ұзамай бұл қосымша арқылы барлық коммуналдық төлемдерді, жол ақыларын және салықтарды төлеуге болады. Жыл аяғына дейін қосымшада біз автобустардың келу уақытын, бақылау функционалдығын іске қосамыз. Жолаушы қалаған аялдаманы таңдап, жақын маңдағы қоғамдық көліктің нақты келу уақытын көре алады (аялдаманың онлайн-таблосы), — деді «Ѕмart -ТКШ» ЖШС өкілі Ерлан Нұрланұлы.
Бүгінде 54 автобус мобильді терминалдармен жабдықталған. 1 қарашаға дейін қаланың барлық 200 автобустарын жабдықтау және оларға QR-кодтар беру жоспарлануда.
-Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билеттер жүйесін енгізу оң нәтиже береді , бұл қозғалыстың ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың әлеуметтік санаттары бойынша статистиканы жүргізуге, бюджетке салық түсімдерін арттыруға, қоғамдық көліктерді бақылауға мүмкіндік беретіндігіне сенеміз,-деп мәлімдеді Ерлан Нұрланұлы.
Атыраудағы жобаның артықшылығы – төлемдер онлайн-форматта қабылданады және төлемдердің барлық 9 түрі бір интеграцияланған жүйеде жұмыс жасайды.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі