Атырауда ескі апатты үйлер проблемасы шешіледі

Алматылық екі құрылыс компаниясы Атырау қаласында жаңа тұрғын үй салу туралы облыстық әкімдікпен келісім-шартқа отырды, — деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Ескі үйлер бұзылады. Оның орнына МЖӘ негізінде алматылық екі құрылыс компаниясы Атырау қаласында жаңа тұрғын үй құрылысын жүргізеді,- деді Атырау облысының әкімі  Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысында 2017  жылы 624,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

                                                                                                              С. Муньянова