Атырауда инфекциондық стационарда апта бойы 60 медициналық қызметкер жұмыс істеуде
Медициналық қызметкерлер күн сайын Cоvid-19 індетін жұқтырған науқастарды емдеп, оларға қажетті күтім көрсетеді.
⠀
Облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиеваның айтуынша, медициналық қызметкерлер арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, еден жуушылар мен ағаш ұстасы бар. 27 наурыздан бастап 60 медициналық қызметкер ауруханада қызмет етуде.
— Біз әзірге инфекциялық стационардан шыға алмаймыз, өйткені дертке шалдыққандармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Індеттің алғашқы оқиғасынан біз осында болып, туыстрымызбен телефон арқылы байланыстамыз, — деді Надя Ерғалиева.
⠀
Айта кетейік, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында Covid-19 індетін жұқтырған 18 науқас емделуде.
Атырау облысының әкімдігі