Атырауда марафонның абсолютті чемпионына жүйрік ат сыйлады
24 жасар Базарбай Дауталиев Атыраудағы екінші дәстүрлі марафонның абсолютті чемпионы атанды және ұйымдастырушылар алқасының арнайы сыйы — бәйге атын иемденді.
Atyrau Marathon жарысында Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және жақын шет елдерінен барлығы 3 мыңға жуық адам қатысты. 150-ден аса адам 42 шақырымды бағындыра алды, 10 шақырымдық жүгіруде 1000-нан аса ерікті тіркеуден өтті, ең танымал қашықтық 4,5 шақырымды 1500-ға жуық Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары жүгіріп өтті.
Марафонның абсолютті чемпионы Базарбай Дауталиев 150 мың теңге көлемінде қаржылай сыйға, теледидар және Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясының арнайы сыйы — жүйрік жылқыға ие болды.
Atyrau Marathon ұйымдастыру алқасы атап өткендей, арнайы сый кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұрын жылқы малы қазақтардың тұрмыстық өмірінде жануарлар арасында ерекше орын алған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, жүлде чемпионның символы мен ерік-жігерін білдіреді.
Atyrau Marathon- 2018 сайысының құрметті қонақтары: қазақстандық жеңіл атлетиканың чемпионы және спринттан КСРО рекордшысы- Әмен Тұяқов, үздік марафоншы, Азияның, Африканың, Австралияның және Американың ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен адамзат тариxындағы алғаш атлет — Марат Жыланбаев, сондай-ақ, Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қатысушысы — Александр Романов Атырауға арнайы келді.
Жеңіске деген жігері үшін екі параолимпиадашыға арнайы сыйлық тапсырылды. Олар: Ерлан Қазиев және Кеңес Көниев. Жарыстың ең үлкен қатысушысы 71 жастағы зейнеткер Бекет Қадыралин болды.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі