Атырауда меценаттардың қолдауымен велоспорт мектебі ашылды
Атырау облысының меценаттары қайырымдылық аукционы барысында балалар веломектебіне қажет жабдықтар алу үшін 35 млн теңге сыйға тартты. Жоба мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды.
Веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған, онда 10-16 жас аралығындағы 80 бала велосипед шеберлігін меңгереді. Айта кетейік, бұл спорт түрі бойынша секция Атырауда алғаш рет ашылып отыр.
Атақты спортшылардың құралдары мен коллекциялық велосипедтер аукционы Bike Ride Atyrau — 2018 бірінші қайырымдылық веложарысы барысында өтті.
Жалпы Атырау облысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында меценаттардың қолдауымен 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынды. «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілді.
Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі